“Спорт биік шыңға жетелейді” атты дене шынықтыру және АӘД пәндерінің
8-19 сәуір аралығында “Спорт биік шыңға жетелейді” атты дене шынықтыру және АӘД пәндерінің онкүндігі. Мақсаты: Оқушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық ізбасарларды қалыптастыру. Рухани жігерлікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Онкүндіктің ашылуында дене шынықтыру ұстаздары оқушылармен таңғы жаттығу жасап, қызықты спорттық сұрақтар қойып, жауап берген оқушыларға тәттілер берілді.