Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2026

Профилактикалық фильм көрсетілімі өтті

Профилактикалық фильм көрсетілімі өтті ҚР министрлігінің тапсырмасы аясында 9-10-сынып оқушыларына денсаулыққа зиян келтіретін есірткі заттары, темекі және алкогольдік өнімдердің зияны туралы профилактикалық фильм көрсетілді. Фильмде кәмелетке толмағандар колониясының тұтқыны Дамирдің өмір жолы баяндалып, оның қателіктері мен таңдауының салдары ашық көрсетілді. Жасөспірімдерге зиянды әдеттердің адам өміріне, денсаулығына, болашағына қалай әсер ететіні нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. 🎯 Мақсаты: – Оқушыларға есірткі, темекі және алкогольдің зиянын түсіндіру; – Құқық бұзушылықтың алдын алу; – Салауатты өмір салтын насихаттау; – Жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу. Көрсетілімнен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, зиянды әдеттердің салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: