26
июнь
2019
Жазғы сауықтыру лагеріндегі "Су патшалығы" күні
26 маусым күні №184 жалпы білім беретін мектептің "Балдырған" атты мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріндегі демалысты тиімді , әрі қызықты өткізу мақсатында Алматы қаласындағы "Samal " таза ауыз су өндіру кәсіпорынына балалар тәрбиешілерімен бірге экускурсияға барып қайтты. Кәсіпорын басшылығы мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында , өз тараптарынан көлік ұйымдастырды.Экскурсия барысында балалар кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерімен танысып , табиғи таза ауыз суды өндіру жолдарын көріп өз қызығушылықтарын білдіріп , өздерін кәсіпорынның маманы есебінде сезініп жетекші мұғалімдері мен кәсіпорын ұжымына алғыстарын айтты. "Samal " таза ауыз су өндіру кәсіпорны оқушыларымызға өз тараптарынан сыйлықтарын таратты. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріндегі демалыста ұйымдастырылған экскурсия оқушыларымызға өздеріне танымдық ой өрісін дамытуға үлес қоса білді деген ойдамыз.









