30
октябрь
2024
күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3 және 4 сынып арасында “Әкем, анам және мен” атты отбасылық спорттық жарыс
29 қазан күні, №184 ЖББМ-те күзгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3 және 4 сынып арасында “Әкем, анам және мен” атты отбасылық спорттық жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналарды қатыстыра отырып, мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықты құру; балаларды шапшандыққа, төзімділікке, салауатты өмір сүру салтына насихаттауға тәрбиелеу.
8 ойын түрінен тұрған жарыс барысында топ болып құралған отбасы мүшелері өздерін таныстырып, түрлі спорттық шараларда ерекше белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын 3 “А” сынып Меделхандар отбасы “Меделхандар” тобы,
ІІ орынды 3”Д” сынып Маканбаевтар отбасы “Қыран” тобы, ІІІ орынды 4”Б” сынып Тасболатовтар отбасы “Тұлпар” тобы иеленді.
Барлық жеңімпаздар мадақтама қағазымен марапатталды.