Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №184 ЖББМ кітапхана менгерушісі Ермекбаева Сандуғаш Қайыржанқызының ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Бала жүрегінен жол тапқан жан” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
10
декабрь
2024

№184 ЖББМ кітапхана менгерушісі Ермекбаева Сандуғаш Қайыржанқызының ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Бала жүрегінен жол тапқан жан” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №184 ЖББМ кітапхана менгерушісі Ермекбаева Сандуғаш Қайыржанқызының ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Бала жүрегінен жол тапқан жан” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кешке Бердібек Соқпақбаевтың қызы, аудармашы Самал Соқпақбаева және “Балдырған” журналының бас редакторы Дүйсен Мағлумов қатысты. Сонымен қатар тамаша кештің куәсі ретінде аудандық білім бөлімінен арнайы мамандар, мұғалімдер және оқушылар қатысты.
Әдеби кеш оқушылардың жазушы шығармаларының желісі бойынша сахналаған қойылымдарымен басталып, әсем әнмен жалғасты.
Сонымен қатар кеш қонақтары Самал Соқпақбаева және Дүйсен Мағлумовпен сырлы сұхбат өрбіді. Самал Бердібекқызы әкесінің көптеген естеліктерімен бөліссе, Дүйсен Мағлумов жазушы шығармаларының мәніне тоқталды.
Сондай-ақ оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, әсерлі әңгімелер ары қарай жалғасты. 
Жалпы әдеби кеш жоғары деңгейде өтіп, көрерменің ыстық ықыласына ие болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: