Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "№184 Жалпы білім беретін мекемеде "Мен ғарышқа ұшамын" атты 12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай
14
апрель
2025

"№184 Жалпы білім беретін мекемеде "Мен ғарышқа ұшамын" атты 12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай

Бүгін "№184 Жалпы білім беретін мекемеде "Мен ғарышқа ұшамын" атты 12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары Кожамкулова Ұ.А. мен Кожбанова Б.М және де сынып жетекшілері Нысанова Қ.Қ., Бурумбаева Ф.Б., Павленко Л.В., Жумакаева С.Ж., ұйымдастыруымен өткен көрмеге 4 сынып оқушылары белсене қатысты. Олар ғарыш туралы ойларын, фантазияларын қағаз бетіне салып, картон мен пластиктен неше түрлі макеттер жасап әкелді. Балаларымыздың ойлары шексіз екеніне көзіміз жетті.                                 Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы "Восток" ғарыш кемесімен қазақ даласынан ғарышқа аттанғаны бәрімізге белгілі. Бұл бірегей оқиға – ХХ ғасырдың ең үлкен жетістігі. Биыл осы оқиғаға 64 жыл болды. Осы уақыт аралығында 570-ке жуық ғарышкер-зерттеуші ғарышта болған екен. Ал олардың 150-ден астамы ғарышқа қазақ жерінен ұшып, «Байқоңырда» ғарышкер мәртебесін алды.  Ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов әлем­дік дең­гейде қазақстандық ғылым­ның жос­парланған ғарыштық экспери­мент­терін орындады.      Еліміздің ғарышты игерген қаһармандарымыз туралы білу, болашақты меңзейтін ғарыш мамандығын таңдайтын, ғарыш саласына қызмет ететін білгірлерді тәрбиелеу миссиясы мектеп ұстаздарына жүктеліп отыр. Олай болса бүгінгі іс-шара осыған дәлел. Мектеп оқушылары, бүгіннен алған әсерлері мен  ойларына түрткі болатын із қалдырған ұстаздарымызға- мың алғыс!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: