11
апрель
2025
"Жас күй орындаушыларының І қалалық «Күй-көмбе» байкауы
№184 ЖББМ- те 11 сәуір күні аудан мектептері арасында "Жас күй орындаушыларының І қалалық «Күй-көмбе» байкауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ұлттық музыкалық өнерді дәріптеу, жас буынның күй өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Байқауға ауданның мектептерінен келген оқушылар қатысып, халық композиторы Әлшеке Бектібайұлының дәстүрлі күй мұрасын шебер орындап шықты. Байқаудың қорытындысы бойынша орта жас санаты бойынша 1 орынды - №184 ЖББМ -нің оқушысы Қуаныш Арсен иеленсе, үлкен жас санаты бойынша 1 орынды- №152 МГ оқушысы Қалихан Жәнібек иеленіп, қалалық байқауға жолдама алды.