16
октябрь
2025
Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – мектеп президентін сайлау өткізілді
2025 жылдың 16 қазан күні “#184 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – мектеп президентін сайлау өткізілді. Сайлау үдерісі екі кезеңнен тұрды.Бірінші кезеңде, мектеп президенттігіне үміткер 8 оқушы өз кандидатураларын ұсынған презентация дайындап, мектептің Instagram парақшасына жүктеді. Бұл бейнероликтер арқылы оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үміткерлермен танысып, қолдау білдіру мақсатында лайк басып, пікірлер қалдырды.
Екінші кезеңде, “Мен көшбасшы болсам…” тақырыбында үміткерлер өз жобаларын қорғап, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті. Бұл кезең оффлайн форматта өтті.
Сайлауға мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ж.К. Омарова және ДТІЖО Калиева У. Б. және А. А. Исабекова және 8-10 сынып аралығындағы барлық оқушылар қатысты. Жоғары дауыс жинаған 10 “А” сынып оқушысы Жомарт Бектияр мектеп президенті болып сайланды.
Сайлаудың мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және мектептегі демократиялық үдерістерге қатысуын қамтамасыз ету.
Барлық қатысқан үміткерлерге көп рақмет!!!