19
январь
2026
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті Мектепте «Заң және тәртіп» бағыты аясында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениет, заңды сақтау, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу мәселелері талқыланды. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қауіпсіз орта қалыптастыру.