23
декабрь
2025
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеші өтті
2025 жылдың 23 желтоқсанында мектеп жоспарына сәйкес 1-11 арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымдар көрсетіп, жаңа жылдық әндер мен билерін тарту етті, сондай-ақ түрлі шығармашылық байқаулар мен қызықты ойындарға белсене қатысты. Мерекелік шара оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұжымдық ауызбіршілігін нығайтуға мүмкіндік берді және қауіпсіздік ережелері толық сақталып, белгіленген сценарий бойынша сәтті аяқталды.