06
январь
2026
"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы
Мектепте 11-сынып оқушыларының бастамасымен кітап қорын байыту және оқу мәдениетін ілгерілету мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектер мен ұстаздар қауымы кітапханаға қазақ классиктерінің туындыларын, заманауи ғылыми-танымдық әдебиеттер мен әлемдік бестселлерлерді тарту етіп, өскелең ұрпақтың білім алуына зор үлес қосты. Жиналған басылымдар кітапхана қорына ресми түрде қабылданып, бұл бастама оқушылар арасында рухани құндылықтарды насихаттаудың және мектепке деген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.