08
декабрь
2025
🎉 Құттықтаймыз, жас қырандар!
3 «А» сыныбының өнерлі де білімді оқушыларын кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық жарыстарда бақ сынап, өздерінің білімі мен қажырлы еңбегінің арқасында жүлделі орындарды иеленіп қайтты.
Сіздердің бұл жетістіктеріңіз — мектебіміз бен ата-аналарыңыз үшін үлкен мақтаныш. Алғашқы белестерді бағындырған қадамдарыңыз құтты болсын! Төзімділік пен ізденімпаздықты серік етіп, бұдан да биік шыңдардан көріне беріңіздер.
Жарайсыңдар, балалар! Жеңісті күндерің көп болсын! 🏆🥇
