05
февраль
2026
«Поэзия – мәңгілік, Мұқағали – ғұмырлық» атты әдеби кеш өтті
«Поэзия – мәңгілік, Мұқағали – ғұмырлық» атты әдеби кеш өтті Қазақ поэзиясының заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуы қарсаңында мектебімізде «Поэзия – мәңгілік, Мұқағали – ғұмырлық» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныту, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру. Әдеби кеш барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні мен рухани құндылығы кеңінен насихатталды. Әдеби кеш оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық әдебиетке деген құрметін арттыруға зор ықпал етті.