06
май
2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебімізде салтанатты іс-шара өтті.
Отанды қорғау — қасиетті борыш!
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебімізде салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке — ел шетінде, жел өтінде тұрған айбынды армиямыз бен ержүрек ерлеріміздің айбынын асқақтататын күн.
Шара барысында оқушылар әскери-патриоттық әндер шырқап, саптық жүрістер мен әскери дайындық элементтерін көрсетті. Сондай-ақ, болашақ Отан қорғаушылар арасында түрлі спорттық сайыстар мен зияткерлік викториналар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және ерлік дәстүрлерін дәріптеу.
Барлық ер-азаматтарды айбынды мерекелерімен құттықтаймыз! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
