16
сентябрь
2021
«Жеті жұрттың тілін біл»

16.09.2021жылы Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №184 ЖББ мектепте аудан мектептерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген 11-сынып оқушылары арасында «Жеті жұрттың тілін біл» атты сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты:
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бір уақытта жетік меңгерген оқушыларды ынталандыру;
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
Оқушылардың тілдерді меңгеруі арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету;
Оқушыларды сөздік қорын молайту, көпшілік алдында сөз сөйлеуге, өз пікірін дәлелді жеткізуге дағдыландыру.
Сайысқа ауданның 25 мектебінен дарынды 33оқушы қатысып, өз білімдері мен үш тілде сөйлеу дағдыларын ортаға салды.
Сайыс екі кезеңде өтті. І кезең – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен тест сұрақтары; ІІ кезең – ауызша (белгілі бір тақырыпта өз ойын үш тілде еркін жеткізу). Сайыстың екі кезеңінен де сүрінбей өтіп, жүлделі орындарды иеленген оқушылар:
- Бас жүлде - Нуриева Анель, №166 лицей;
- І орын - Адаев Бауыржан, № 152 мектеп-гимназиясы;
- ІІ орын – 1. Тасболатова Назым, №179 ЖББМ;
2. Мусахан Айша, №178 мамандандырылған лицей;
- ІІІ орын – 1. Сейілханова Амина, №201 мектеп-гимназия;
2. Цай Кристина, №166 лицей;
3. Сұраншы Еңлік, №185 ЖББМ;
5. Мадақтама – 1. Молдағалиева Зере, №169 мектеп-лицейі;
2. Бөстекбай Еркебұлан,А.Қарсақбаев атындағы №41ЖББМ.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болған барлық жүлдегер шәкірттерімізді құттықтаймыз!Осындай дарынды шәкірттерді тәрбиелеген барша ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Алар асуымыз көп болсын!