Ақпарат » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2022

Ақпарат

«Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет» демекші, ұл-қыздарымыздың алғаш мектеп табалдырығын аттағалы қолдарына қалам ұстатып, оқуды, жазуды, достасуды, табиғатты сүюді, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйреткен аяулы жандарға алғыс айту - біздің, яғни ата-аналар қауымының міндеті мен борышы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
Ендеше, шәкірттеріне жүрек жылуын сыйлап, әр баламен мінез-құлқындағы ерекшеліктеріне қарай пікірлесіп, ешқашан «сен – жамансың» деп, баланың сағын сындырмай, әр баланың дарынын аша білген, әр балаға жеке тұлға ретінде қарайтын,« балаларымыздың алғашқы ұстазы» деп, біз мақтан тұтатын жан – Байболаева Айнұр Құдайбергенқызы. Барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесіне алғысымыз шексіз. Бүгінгі күні балаларымыз бастауыш сыныппен қоштасып, орта буынға өткелі отыр. Әр баланың бойында ұстазына деген шәкірттік махаббат пен қимастық сезім бар. Бойларына сондай сезімді дарыта білген ұлағатты ұстазымызға шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, ұстаздық жолда қажымас жігер мен шығармашылық табыс тілейміз.
Ұстазы жақсының – шәкірті үздік. Сыныпта үздік шәкірттер мен өнерлі өрендер жетерлік. Осы жолда аянбай еңбек етіп, балаларымызды жаңалыққа жаны құмар шәкірт етіп тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан алғашқы дара ұстаз, дана ұстазымызға мың алғыс!

№184 жалпы білім беретін мектеп

4«А» сынып ата-аналары

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

29 июль 2022 Ақпарат!
09 март 2019 8 наурыз
09 март 2019 8 наурыз