Встреча с воинами афганцами » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2019

Встреча с воинами афганцами

Кеңес әскелерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, 29 қаңтар күні №184 жалпы білім беретін мектепте «Жастығын жалын шарпығандар» атты тақырыпта ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. 
Кездесу кешіне Ауған жерінде азаматтық борышын адал атқарған, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ауған соғысының ардагерлері - Жақсыгелдиев Ыдирис Калманбаевич, Канағатов Совет Калымханұлы, Рақышев Марат Амангелдиевич, Амирғали Сержан Ертаевич және Алматы қалалық әкімшілігінің Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің бірлестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Абдушкуров Мурат Мухтарович ,сонымен қатар ауған соғысының ардагерлерінен құралған «Панджшера»тобының мүшелері -Айдарбаев Алмасбек Рахымкулович , Псарев Павел Павлович, Канатов Еркін Кенжегалиевич, Жусипов Али Нурдинович қатысты.
Оқушылар ауған жауынгерлеріне арналған өлеңдер оқыды. Мектептің өнерлі оқушылары Н.Мейлібеков «Батырлар ұраны», «Серілер» тобы «Өз елім», И.Мамыр «Мен қазакпын», атты рухты өрлетер əндерін шарықтата шырқады. Балалар ардагер ағаларына сұрақтарын қойып, зұлмат соғыс жайында көлденең ақпарлардан білмей, ардагерлердің өз аузынан естіп, əңгіме өрбіді.Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету керек екенін түсінді.
Кеш қонақтары ауған соғысының елімізге əкелген қайғы-қасіреті туралы қысқаша айтып өтті. Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы жайында мәлімет беріп, құрметті жас ел тыныштығы, еліміздің бейбіт болашағы сіз секілді жастардың қолында деп, жастарға өздерінің ыстық лебізін білдірді. 
Содан кейін жиылған қауымға «Панджшера» тобы патриоттық әндерін айтып, оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялатып, рухани және тарихи құндылықтарды қастерлеуге дәріптеді. 
Кездесу кешінің соңында мектептің ардагер ұстазы Ұ.Жумадилова келген кеш қонақтарына өз алғысын білдіріп, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, қайсар жауынгер ағаларының ерлігін бүгінгі ұрпақ, бүгінгі жастар үлгі тұтатынын және халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтып, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпағанын айтты.
Жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген ауған соғысы ардагерлеріне мектеп директорының атынан «Алғыс хат»тапсырылды.
Ауған соғысының ардагерлерін арқашан құрметтейік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: