Жастар жылын қолдау мақсатында «Жас мамандар» арасында Аудандық «Екі жұлдыз» байқауы » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жастар жылын қолдау мақсатында «Жас мамандар» арасында Аудандық «Екі жұлдыз» байқауы
01
апрель
2019

Жастар жылын қолдау мақсатында «Жас мамандар» арасында Аудандық «Екі жұлдыз» байқауы

1 сәуір күні №179 жалпы білім беретін мектепте Жастар жылын қолдау мақсатында «Жас мамандар» арасында Аудандық «Екі жұлдыз» байқауы өтті . Іс-шараның басты мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу , жастарымыздың байқаудың әртүрлі кезеңдеріндегі сайыстарда музыка өнері арқылы олардың шеберліктерін шыңдау , қызығушылықтарын арттыру болып табылады . Байқау шарттары бойынша : халық әні , эстрадалық әндер мен пародия (қазақ әншілеріне) сайыстары арқылы сынға түсті . №184 жалпы білім беретін мектептен « Екі жұлдыз - 2019 » байқауына әсем әнді құлай сүйген , өнерге икемі бар табиғи талант иелері Сраилова Роза мен Бериков Санат қатысты. Ән мен өнер сырын аша білген өнерпаз жастарымыз байқаудың әртүрлі кезеңдері бойынша аудан мектептерінің жас мамандарымен сынға түсіп жүлделі II орынға ие болды . Ән – құдіретті өнер, жан дүниені әсерлендіріп, тебірентіп толғантатын сиқырлы өнер. Жеңімпаздарға айтарымыз сол өнердің биік шыңдарынан көрініп мектебіміздің абройын асқақтата берсін .Өнерлі жастарымыздың әндерін тыңдаудан біз жалықпайық.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: