«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2016

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Адам қолымен жасалған істің бәрі-оның жүрек жылуының көрінісі. Соның айғағы, білім беру саласы да бүгінгі таңда әр баланың білім алуына, тәрбиеленуіне қажетті жағдай жасауда. Жыл сайынғы дәстүрге айналған 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізілетін «Мектепке жол»акциясы бойынша, №184 жалпы білім беретін мектепте 31 тамыз күні Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай, «Бақытты балалық шақ»ұранымен «Мектепке жол»акциясына арналған іс-шара өтті.
Республика көлемінде өткізіліп отырған , осы акцияның басты мақсаты –аз қамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен мектепке келмеу жағдайдарының алдын алу.
«Қайырымдылық жасасаң,қайырымын өзің көресің»-демекші, осындай аталмыш іс-шарада жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлықтарын аямай, аялы алақанын тосып, демеушілік көрсеткен Алғабас мешітінің бас имамы -Сәкен Амангелдіұлы, ТОО «Либелла Боттлерс Алматы» директоры-Смирнов Сергей Васильевич,«Ротари клуб Алматы», «Альфа -Омега» - Цой Ирина Владимировна , Алатау ауданының әкімшілігі , «Жетісу М-телеком»ЖШС директоры-Қапасұлы Мейрамбек. Алматы облыстық Халық Банктің филиалының директоры Кудикова Тасбике Тунгатарқызы мен директордың орынбасары Тоқатов Ермек Темирболатович. Демеушілеріміз оқушыларға мектеп формасын, мектепке қажетті оқу-құралдары мен сөмкелер беріп, ата-аналар мен оқушыларды қуантты.
Ұлы ақын Абайдың «Нағыз жүрек ісі рақымдылық,мейірбандылық және әр түрлі істе адам балалардың бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі»-дегендей , қайрымдылық кешіне келіп, кең пейілділік танытқан демеушілеріміз бен осындай іс-шараның өткізілуіне ұйытқы болған мектеп басшысы Дайрбаева Расима Султаналиевна, ата-аналар комитетінің төрайымы Мамраимова Айгүл және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Катира Аппазовна мен әлеуметтік педагог Досымбекова Гүлзифа Қамшыбековнаның да қосар үлесі орасан зор.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»-дегендей, қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқан осындай демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.
Қайырымдылық –халқымыздың ең ізгі істерінің бірі.
Осы жасаған игі істердің бәрі материалдық жағдайдың тапшылығы мен отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке бара алмай отырған бүлдіршіндердің емін-еркін оқып, білім алуына септігін тигізуде.
№184 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Омарова, әлеуметтік педагог Г.Досымбекова








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: