«Мектепті дамыту жоспары» тақырыбында кәсіби сұхбат » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепті дамыту жоспары» тақырыбында кәсіби сұхбат
24
май
2019

«Мектепті дамыту жоспары» тақырыбында кәсіби сұхбат

22 мамыр күні №184 жалпы білім беретін мектепте Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының аға менеджері, жалпы білім беру ұйымдары мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарының тренері Бағдагүл Сайфуллақызының қатысуымен «Мектепті дамыту жоспары» тақырыбында кәсіби сұхбат өтті. Кәсіби сұхбат барысында табысты мектеп болу үшін ең алдымен мектепті дамыту жоспары дұрыс құрылу керектігі сөз болды. Мектепті дамыту жоспарын жасамас бұрын нені ескермедік, қай жерін жетілдіру керек, алға жылжу шарттарын анықтауда идеяны туындату үшін, идеяны тоғыстыру үшін ең алдымен «SWOT» талдау қажет екендігі басым айтылды. Бағдагүл Сайфуллақызы «SWOT» параметрлері: жоспардың мықты жағы, әлсіз жағы қандай мүмкіндіктер пайдаланылмады, туындаған қауіп-қатерлерге ерекше мән беру керектігін атап өтті. Кәсіби сұхабтқа қатысушы мектеп әкімшілігі қай кезде болмасын өз-өзіне «Қалай басқарамын?», «Басқаруым үшін нені ұйымдастыруым керек?» деген сауалдардарды қойып, жоспарлы түрде жұмыс атқару қажет екендігін түсіне білуі қажет.
Кәсіби сұхбат барысында мектеп психологтары үшін де қажетті ақпараттар берілді. Атап айтсақ, бір холерик, екі сангвиник, екі флегматик, бір меланхоликтен құралған топ «Мықты» топ болып табылады екен. Сонымен қатар пән мұғалімдерінің оқушыны сабаққа қалай тарту жолдарын жақсы білу - табысты мектеп болудың алғы шарты екендігін Бағдагүл Сайфуллақызы атап көрсетті.
Бағдагүл Сайфуллақызы «Жоспар-ұстаным-миссия-мектеп миссиясы» деген ұғымдарға толық түсінік берді. Миссияны қайдан іздейміз деген сұраққа, алдымен, «№184 жалпы білім беретін мектеп не үшін?», «Неліктен құрылды?», «Мақсат не ?» деген сауалдарға жауап беріп, ұжымның әр мүшесі өз-өзін дамыту жоспарын жасап, нақты іс-әрекет күтілетін нәтижеге қарай бағытталуы керек екендігін айтты . Іс-әрекет жоспарланып, дұрыс ұйымдастырылып , өз деңгейінде бақыланып, одан кейін бағалау салдары мен бағамдау жүргізілген кезде мақсатқа қол жеткізетіндігіміз туралы айтылды . Нашар нәрсенің себебі анықталып, соны болдырмаудың жолдары қарастырылатын іс-әрекеттің тақырыбы айқындалуы қажет. «Үйретуде не нәрсе жетіспей тұр?» деген сауалға критерийлер анықталып, пән мұғалімдерінің соның ішінен таңдау жасауы - мектептің даму жоспарын құрудағы маңызды нәрсе екендігін мектеп әкімшілігі кәсіби сұхбат барысында жақсы түсінді. Күтілетін нәтижеге бағытталған жұмыс жоспарына чеклист жасап, өз жұмысына бағамдау жасап отыруды назардан тыс қалдырмауды өз міндеттері екендігін түсінді.
Аға менеджер «Даму жоспары – идея, механизмдері –бәріміз» деп, «Бастаған ісіміз сәтімен болсын» деген тілекпен 4 сағатқа ұласқан жұмысты қорытындыласа, мектеп әкімшілігі Бағдагүл Сайфуллақызына кері байланысқа шығып, кәсіби сұхбаттың дер кезінде өткен тамаша тағылымды дүние екендігін жеткізіп, өз алғыстарын білдірді.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: