Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ерекше тұлғалық болмысы »атты тақырыпта өткізілген ашық тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ерекше тұлғалық болмысы »атты тақырыпта
өткізілген ашық тәрбие сағаты туралы мәлімет.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, 29 қараша күні №184 жалпы білім беретін мектепте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ерекше тұлғалық болмысы »атты тақырыпта мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры ақын Серік Қалиев, Үшқоңыр орта мектебінде «Президент әлемі» мұражайының ғылыми қызметкері, Елбасымен 3 рет кездесіп, «Менің Президентім», «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл» атты туындылардың авторы- Көсемова Ақлима Рахымбердіқызы мен Теректі ықшамауданының Ақсақалдар алқасының төрайымы Айгүл Құдабаева және « Nur Otan » партиясы Алатау ауданы филиалының Есеп және стастика секторының меңгерушісі Алдамбергенова Жарқын Алдамбергенқызы қатысты.
Өткізілген іс-шарада мектеп оқушылары ақын Серік Қалиевтің әңгімесінің желісі бойынша сахналық қойылым көрсетсе, әнші ұлдарымыз Дінмұхамед, Бекарыс пен Дастанның орындауында шырқалған «Елім менің» әні, Қарасай ауданы мәдениет үйінің әншілері Аякөз Ахметова мен «JS» тобының орындаған «Қазақстан алға», «Қазақстан» әні барша келген қонақтар мен оқушылардың көңілінен шықты. Келген қонақтар өздерінің ыстық лебіздерін оқушыларға жолдады.
Біз, ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз.








