ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ! » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2019

ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!

♦ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!♦
#184ЖББМ 13 желтоқсан күні "Тәуелсіздікке 28 жыл толу" күніне орай, "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!" атты желтоқсан көтерілісіне қатысқан ардагерлер: Т.Жексенбаев, Қ.Нұрмұханбетов, Т.Шубекова, Г.Абдикаримова, Ж.Нұрмұханбетовамен кездесу өтті.
Кездесу кешінде келген қонақтар Тәуелсіздік жолындағы желтоқсан тарихы мен бастан кешкендері туралы әңгімелеп берді. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткізгені баршамызға мәлім.
Желтоқсанға қатысқан қонағымыз Т.Жексенбаевтың сөзіне жазылған, әні мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Д.Сүлейменованың "Желтоқсан маршы" әнінің орындалу тұсаукесері-тұңғыш рет мектеп сахнасында оқушылар хормен орындап шықты.
Мектептің өнерпаз оқушылары Д.Тәжімұратовтың "Мен қазақтың ұлымын", Н.Арнұр "Еліммен мақтанам", оқушы қыздардан құрылған "Сақ" дуэтінің "Көкке өрле" әні мен Аслан Абдиев орындаған Дәулеткерейдің "Түркімен" күйі және мектеп оқушыларынан кұрылған "Жас екпін" домбырашылар оркестрінің "Кеңес" күйлері келген қонақтарымызға керемет әсерлі қуаныш сыйлады.
Кездесу кешiнiң соңы оқушыларды салтанатты түрде Республикалық Бірынгай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімімен жалғасты. Оқушыларға келген қонақтар мен ардагер ұстаздар Туымыз түстес көгілдір галстук пен төс белгілерін тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік , халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
​​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: