20
сентябрь
2021
Ақпарат
18.09.2021ж күні Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Байтұрсын Сырым Асқарбекұлы мен №184 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Омарова Катира, Турысбаев Мадимен бірлесе отырып, құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Құқықтық тәрбие және балалар мен жасөспірімдер» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Келешек ғұмырымызды жалғастырар ұрпағымыздың тәрбиесімен осы кезден бастап айналысып, жасөспірімдеріміздің болашағына дұрыс бағдар беріп рухани байытатын түсініктемелер жүргізілді.