Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өрт қауіпсіздігінің ережелері" туралы қауіпсіздік сабағы өтті.
21
апрель
2025
"Өрт қауіпсіздігінің ережелері" туралы қауіпсіздік сабағы өтті.
№184 ЖББМ -тің 7-8 сынып оқушыларына 21 сәуір күні  "Өрт қауіпсіздігінің ережелері" туралы қауіпсіздік сабағы өтті.   Өрт   оқиғаларының алдын алу мақсатында оқушыларға бейнематериалдар арқылы  түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.  
Алматы қаласының Полиция департаментінің  қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Айдарханов Ерболат Айдарханұлы  8-10 сынып оқушыларына  құқықтық сауаттылықты арттыру  мақсатында  жиналыс
18
апрель
2025
Алматы қаласының Полиция департаментінің қылмысқа қарсы күрес
№184 ЖББМ- те  2025 жылы 18 сәуір күні  Алматы қаласының Полиция департаментінің  қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Айдарханов Ерболат Айдарханұлы  8-10 сынып оқушыларына  құқықтық сауаттылықты арттыру  мақсатында  жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Е.Айдарханов  оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, атап айтқанда буллинг, ақша жинау, қорқытып-үркіту, бұзақылық  және басқа да заңсыз әрекеттердің алдын алу туралы,  балалардың құқықтары мен міндеттері туралы  түсінік берді.
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер” номинациясы бойынша
17
апрель
2025
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер”
“Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған “Алматы BALAFEST-2025” фестивалі аясында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында өткен “Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер” номинациясы бойынша №184 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған “Жалын” тобы квартет І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталып, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Сулейменова Данара Жансеитовна.      
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Хореография” номинациясы бойынша
17
апрель
2025
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Хореография”
“Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған  “Алматы BALAFEST-2025” фестивалі аясында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында өткен “Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Хореография” номинациясы бойынша №184 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған “Арнай” би тобы І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталып, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Садвакасова Арнай Серикбаевна.
"Менің Қазақстаным"  бойынша  әр дүйсенбі күндері   сабақ басталар алдында   ҚР Мемлекеттік Гимн орындалады.
17
апрель
2025
"Менің Қазақстаным" бойынша әр дүйсенбі күндері сабақ басталар
Мектепте "Менің Қазақстаным"  бойынша  әр дүйсенбі күндері   сабақ басталар алдында   ҚР Мемлекеттік Гимн орындалады. Бұл – оқушылардың елімізге деген патриоттық сезімді нығайтудың маңызды дәстүрі, Отанға деген сүйіспеншілігін  қалыптастыру болып табылады.
« Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбы аясында оқушылардың  үзіліс уақытын тиімді пайдалану
17
апрель
2025
« Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбы аясында оқушылардың үзіліс
№184 ЖББМ-те « Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбы аясында оқушылардың  үзіліс уақытын тиімді пайдалану  мақсатында    шахмат, асық ату, тоғызқұмалақ  сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.  Бұл шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Балалар белсенді қатысып, достық қарым-қатынасты нығайта түсті.  
І қалалық “Күй-көмбе”байқауы
16
апрель
2025
І қалалық “Күй-көмбе”байқауы
Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен  мамандандырылған өнер мектептері мен орта мектептердің домбыра үйірмелеріне қатысатын оқушылары арасында өткен жас күй орындаушылардың І қалалық “Күй-көмбе”байқауының 11-14 жас санатында өнер көрсеткен №184 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Қуаныш Арсен ІІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.Жетекшісі: Койшибаева Зейнеп Сагиевна. Құттықтаймыз!!!
*Разработка материалов по тематике разнообразия в инклюзии: создаем мир, где все важны!*
15
апрель
2025
*Разработка материалов по тематике разнообразия в инклюзии: создаем
  Согласно проекту «Единство DIVERSITAS» КГУ «ОШ №184»  *Разработка материалов по тематике разнообразия в инклюзии: создаем мир, где все важны!*    Важность *разнообразия инклюзии* в образовательном процессе невозможно переоценить! Каждый ребенок уникален, и наша задача — создать условия, где *каждый будет чувствовать себя частью единой команды, независимо от различий.*    *Что мы делаем?*   *Создаем специальные материалы*: книги, игры, видеоролики и методички, которые помогают детям и взрослым
"Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында қауіпсіздік сабағы
14
апрель
2025
"Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында
№184 ЖББМ-те "Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары" т ақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті. Оқушыларға жер сілкінісі кезінде өзін- өзі қорғау жолдарын үйретіп,төтенше жағдайларларда дұрыс әрекет ету керек екенін түсіндірілді.  
"Жас күй орындаушыларының І қалалық «Күй-көмбе» байкауы
11
апрель
2025
"Жас күй орындаушыларының І қалалық «Күй-көмбе» байкауы
№184 ЖББМ- те 11 сәуір күні аудан мектептері арасында "Жас күй орындаушыларының І қалалық «Күй-көмбе» байкауы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ұлттық музыкалық өнерді дәріптеу, жас буынның күй өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Байқауға ауданның мектептерінен келген оқушылар қатысып, халық композиторы Әлшеке Бектібайұлының дәстүрлі күй мұрасын шебер орындап шықты. Байқаудың қорытындысы бойынша орта жас санаты бойынша 1 орынды - №184 ЖББМ -нің оқушысы Қуаныш Арсен иеленсе, үлкен жас санаты