Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
«№184 ЖББМ» КММ-де оқу жылы барысында, мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері кезекті тексеру жұмыстарын 2024 жылдың қаңтар айының 17-і күні жүргізді. Мониторинг тексеруі кезінде, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша тексеріс жасалды. Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірі бойынша барлық тағамдар қамтылған. Қауіпсіздік техника ережелері сақталған. Асханадағы санитарлық жағдай ойдағыдай. Тамақ өнімдерінің сапасы талапқа сай. Комиссия мүшелері асхана қызметіне, тамақ сапасына жақсы баға берді.