Құрманғазы Сағырбайұлының туылғанына 200 жыл » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2019

Құрманғазы Сағырбайұлының туылғанына 200 жыл

« №184 жалпы білім беретін мектептебімізде 12 ақпан күні күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туылғанына 200 жыл толуына орай, "Күйшінің көңіл күмбірі " атты кездесу кеші өтті . Кездесу кешінің басты мақсаты : оқушыларымызға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру . Күй тыңдау және ән айту барысында жас ұрпақтың музыка тілін сезіне білуге , есте сақтау мен орындау қабілеттерін жетілдіруге үйрету . Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып , ұлтжандылыққа , отансүйгіштікке тәрбиелеу .Құрманғазы Сағырбайұлының рухты шығармаларымен таныстыру , ұлтымыздың асыл мұраларын жас ұрпақтың санасына сіңіру, дәстүрлі күй өнерін дәріптеу, Құрманғазының қазақ музыкасына қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа аманаттау. Кездесу кешіміздің қадірлі қонағы атадан мирас болып келе жатқан күй өнерінің атасы Құрманғазы оркестірінің беделді күйшісі , домбырашы Батыржан Мықтыбаевпен кездесу өтті .Кездесуге арнайы мың бұралып билеген биші қыздарымыз бен өнерпаз ұлдарымыз өз өнерлерін көрсетіп, келген қонағымызды өз өнерлерімен тәнті етті . Оқушылардың қатысуымен «Адай» көрінісінен үзінді көрсетілді. Көріністе күй атасы Құрманғазының рөлін 9 «Ә» сынып оқушысы Сатулла Фараби , әже рөлін мектебіміздің білікіті де, тәжірибесі мол зейнеткер биология пәнінің мұғалімі Жумадилова Ұлзада , ал Ақмаңдай қыздың рөлін 10 «А» сынып оқушысы Акимгалиева Аружан , Жүргізушілер Мейлибеков Нұрислам мен Бақтиярқызы Аружан .Күй атасы Құрманғазының «Арал» мұңы күйін 8 «Ә» сынып оқушысы Нұрмат Толқын қобызда тартса , 7 «А» сынып оқушысы Накипбаева Диана күміс көмей әнші оқушымыз «Домбыра сазы» әнін шырқады . Бастауыш пәні мұғалімі Молдахулова Мархабат пен Ауелова Камила дуэт болып «Қасиетті домбыра» әнін шырқады .Кесдесу кешіміздің сәнін келтірген би өнерін шебер меңгерген «Кәусар» би тобы болды. Талай республикалық және қалалық жарыстарға оқушыларды дайындап , сол жарыстардан үнемі жүлдемен оралатын жоғары деңгейдегі әншілермен дәрежесі тең мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Сулейменова Данара Жансейітовна «Домбырасыз сән қайда» деп асқақтата ән шырқады ."Күйшінің көңіл күмбірі " атты кездесу кешіміздің қадірлі қонағы Батыржан Мықтыбаев оқушыларға қазақтың киелі аспаптарының бірі домбыраның сүйемелдеуімен құлақтың құрышын қандырар Құрманғазы Сағырбайұлының атақты күйлерін нақышына келтіре отырып орындады . "Күйшінің көңіл күмбірі " атты кездесу кешінің ұйымдастырушылары мектебіміздің кітапханашысы Ермекбаева Сандуғаш Қайыржановна мен музыка пәні мұғалімі Сулейменова Данара Жансейітовна . "Күйшінің көңіл күмбірі " атты кездесу кеші оқушыларымыз рухани азық алардай өте әсерлі, әрі мазмұнды есте қаларлықтай өте жоғары деңгейде өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: