«Қамқорлық» акциясы » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2019

«Қамқорлық» акциясы

Акцияның мақсаты- әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.Акция барысында аяулы ұстаздарымызбен және оқушыларымыз белсене атсалысты.
«Қамқорлық» акциясы аясында мектебіміздің ДОІЖО Ж.Омарова 6 «В» сынып оқушысы А.Головачовқа туфли мен спорттық аяқ киім алып берді, 5 «Б» сыныптың сынып жетекшісі Н.Дүйсенованың ұйымдастыруымен ата-аналар сыныптағы Ербосын Расулдің отбасына қаржылай көмек көрсетті. 5 «Б» сынып оқушысы Бекбосын Жанарға Сулейманкулова Нагима Бахытжановна демеушілік жасап мектеп формасын алып берді, 3 «В» сыныптың сынып жетекшісі А.Кенжетаеваның ұйымдастыруымен ата-аналар қаржылай көмек көрсетті. Осы акция барысында мектепте 5,6,7-сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеден жиналған қаржыны оқушылар сынып жетекшілерімен бірге «Қамқорлық» акциясының жәшігіне салды. Жәрмеңкеден жиналған қаржыға 5 «Б» сынып оқушысы Ербосын Расулге спорттық аяқ киім, 7 «Б» сынып оқушысы Тилла Жеңісханға қыстық күртеше, 5 «Г» сынып оқушысы Чемиренко Анастасияның отбасына азық-түлік алып берілді.«Кенжехан» базарының сатушысы Пахратдинов Нұрсұлтан аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға демеушілік жасап 7 «Ә» сынып оқушысы Жүсіпәлі Нүркен, 6 «Г» сынып оқушысы Шеруллаев Джамил, 8 «Б» сынып оқушысы Тилла Меирханға туфли алып берді.5 «Ж» сыныптың сынып жетекшісі Д.Исмаиловтың ұйымдастыруымен 5 «Ж» сынып оқушысы Раис Розаға туфли, 6 «В» сыныптың сынып жетекшісі Л.Естаеваның ұйымдастыруымен 6 «В» сынып оқушысы Безуглова Викторияға спорттық киім алып берілді. 4 «А» сыныптың ата-анасы Асанова Меруерт демеушілік жасап 3 «Ә» сынып оқушысы Азир Асылжанға қыстық күртеше мен аяқ киім алып берді. 6 «Г» сыныптың ата-анасы Умарова Аида демеушілік жасап аяқ киім алып берді. 5 «Е» сыныптың ата-анасы Оксана Колчина Станиславовна демеушілік жасап Елизаров Данилдің отбасына қаржылай көмек көрсетті. 5 «В» сыныбының ата-анасы Карибаева Жадыра Бакбергеновна 5 «В» сынып оқушысы Анваров Өмірзаққа спорттық киім алып берді.











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: