Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“КҮЗГІ АСАР” ЖӘРМЕҢКЕСІ
22
октябрь
2025
“КҮЗГІ АСАР” ЖӘРМЕҢКЕСІ
“КҮЗГІ АСАР” ЖӘРМЕҢКЕСІ  Бүгін мектебімізде ерекше көңілді, дәмге толы және ұлттық рухы жоғары “Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті!  Бұл шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұйымшылдығын арттыру және қазақтың қонақжайлық дәстүрін дәріптеу.  5-сыныптар — “Ұлттық тағамдар” тақырыбында бауырсақ, шелпек, қымыз, жент сынды дәстүрлі ас түрлерін ұсынды.  6-сыныптар — “Дәмді Қазақстан” жәрмеңкесінде еліміздің әр өңіріне тән тағамдарды таныстырып, көрермендерді дәм сапарына шақырды.