24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай мектебімізде танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар арасында туберкулез ауруының алдын алу, оның белгілері мен сақтану жолдары туралы ақпарат беру мақсатында диктант алынды. Бұл шара оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді. Денсаулық – ең басты байлық!