Инклюзивті білім беру » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2019

Инклюзивті білім беру

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. 28 ақпан күні жаңа мектеп ғимаратында мектебімізде инклюзивті білім беру кабинетінің жабдықталуына өз көмегін көрсеткен демеушілеріміз келді . Қазіргі кезде инклюзивті оқытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға кіріктірудің ең тиімді тәсілі болғандықтан әрбір мекемеде арнайы білікті мамандар жұмыс жасап жатыр. Мектепте заман талабына сай оқушыларымызға білім алуларына , өздерін емін-еркін ұстауға барлық мүмкіндікті жасауға өз үлестерін қосқан біздің жомарт та , жүрегі мейірімге толы шет елдік демеушілеріміз . Арнайы мамандармен қоса шет елден қонақтар келіп , өз пікірлерімен бөлісті , мектеп өмірі мен ұжыммен танысып , өз шеберліктерінен туындаған мұғалімдердің жасаған қолөнердің тамаша туындыларымен безендірілген көрмені тамашалады .Оқушыларымыздың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап оқушыларымыз өз өнерлерімен демеушілерімізді баурап алды . Кабинеттің ашылуына қол ұшын созған демеушілерімізге және мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Демеушілердің мектебімізге жасаған көмегі , көпшіліктің алғысына ие болды .
Инклюзивті   білім   беру


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: