04
апрель
2025
«Балалардың терезеден құлауын алдын алу» тақырыбында ата-аналармен жиналыс
№184 ЖББМ-те 4 сәуір күні «Балалардың терезеден құлауын алдын алу» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: ата-аналарға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған алдын алу жұмыстарының маңыздылығын жеткізу. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтылып, терезе торлары мен арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік ережелерін үйрету жөнінде кеңестер берілді.