12
декабрь
2025
Жас Ұлан мен Жас Қыран қатарына қабылдау рәсімі өтті

Жас Ұлан мен Жас Қыран қатарына қабылдау рәсімі өтті
12.12.2025ж мектебімізде ерекше әрі тағылымы мол іс-шара өтті. Оқушыларымыз Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына салтанатты түрде қабылданды. Бұл ұйым – жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке, бірлік пен ынтымаққа тәрбиелейтін маңызды орта. Қатарымызды толықтырған оқушылар ант беріп, ел болашағы үшін адал қызмет етуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, білім мен тәртіпті басты құндылық етуге уәде берді. Жас ұландар мен жас қырандарға алдағы жолдарында табыс, белсенділік пен биік жетістіктер тілейміз!
Еліміздің нағыз патриоттары болып өсулеріңізге тілектеспіз