21
январь
2026
Аудандық "Үздік тәлімгер" байқауынан жүлделі орынға ие болды

Мектебіміздің аға тәлімгері Изтлеуова Аида Барлыбайқызы аудандық деңгейде өткен «Үздік тәлімгер» кәсіби шеберлік байқауына қатысып, жарқын жеңіске жетті. Өз ісінің маманы ретінде білім беру мен тәрбие саласындағы озық әдіс-тәсілдерін, шығармашылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білген әріптесіміз қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1-орынды иеленді. Мектеп ұжымы мен шәкірттер атынан жеңімпазды лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!