Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға көмек: Балаңызға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?
13
январь
2026

Ата-аналарға көмек: Балаңызға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?

«Ата-аналарға көмек: Балаңызға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?» атты семинар-практикумнің қорытындысы туралы

Мақсаты: Ата-аналарды баланың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру және үйде «мағыналы оқу» ортасын қалыптастыруға практикалық көмек көрсету.

Семинар барысында қарастырылған негізгі әдістер:

  1. «Белсенді оқу» әдістері:
    • INSERT әдісі: Мәтінмен жұмыс істеу кезінде арнайы белгілер қою («білемін», «мен үшін жаңалық», «сұрағым бар») арқылы баланың зейінін тұрақтандыру.
    • «Болжау» әдісі: Мәтінді оқымас бұрын оның тақырыбы мен суреттеріне қарап, мазмұнын болжау арқылы баланың қиялын дамыту.
  2. Мағыналы оқуды қалыптастыру тәсілдері:
    • «Сұрақ қою»: Оқылған мәтін бойынша «Неліктен?», «Егер сен кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?» деген сияқты ашық сұрақтар қоюды үйрету.
    • «Визуалдау»: Оқыған эпизодты сурет арқылы немесе схема түрінде бейнелеу (сөз бен бейне арасындағы байланыс).
  3. Практикалық бөлім:
    • Ата-аналар топтарға бөлініп, баламен бірге мәтінді талдаудың ойын элементтерін (рөлдік оқу, диалог құру) іс жүзінде қолданып көрді.
    • «Гаджеттен кітапқа» ауысудың психологиялық тәсілдері талқыланды.

Нәтижесі: Семинар-практикум соңында ата-аналарға баланың оқу сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік жадынамалар мен ұсынылған әдебиеттер тізімі таратылды. Қатысушылар баламен бірге кітап оқудың тек білім алу емес, үлкен шығармашылық процесс екенін түсінді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: