Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады? » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?
17
сентябрь
2020

Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?

2020 жылы 17-қыркүйекте  Алматы қаласы Алатау ауданы “184 ЖББМ” КММ «Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы қашықтықтан өтті. 
Жиналыс барысында мектеп жұмыс істейтін ақпараттық платформалар туралы, оқыту форматтары, оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне қатысты өзгерістер, балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Тоқсандық бағалау күнделікті бағалау, БЖБ және ТЖБ көрсеткіштері негізінде шығарылады.  Қашықтан оқудағы ата-ананың міндеттері, балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген ұсыныстарды және қандай ресурстарды пайдалану керектігі түсіндірілді. Дүйсенбіден жұмаға дейін “Балапан” және “Ел-Арна” республикалық телеарналарында қосымша білім беру ресурсы ретінде пайдалану үшін телесабақтар көрсетілетіні туралы айтылды.Жиналыста айтылған ақпараттар, қозғалған мәселелер барлық ата-аналарға толық және түсінікті түрде жеткізілді. Ата-аналар қойған сұрақтарына толық жауаптар алды. Ата-аналар мектеп әкімшілігіне өз ұсыныстарын, тілек, ниеттерін жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: