30
март
2026
Интернеттегі қауіпсіздік — басты назарда!

Интернеттегі қауіпсіздік — басты назарда!

Бүгін мектебімізде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кибербуллинг: өзіңді қалай қорғау керек?» тақырыбында танымдық сағат өтті.
Негізгі талқыланған мәселелер:
Желідегі әдептілік (нетикет) ережелері;
Кибербуллингке тап болған жағдайдағы алғашқы қадамдар;
Жеке мәліметтердің құпиялылығын сақтау. Оқушылар интернеттің тек білім көзі емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік екенін түсінді. Әрбір бала өзін виртуалды әлемде қауіпсіз сезінуі тиіс! 
