Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-ана жауапкершілігі — балалар қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
23
апрель
2026

«Ата-ана жауапкершілігі — балалар қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті


Мектебімізде «Ата-ана жауапкершілігі — балалар қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға арнайы қонақ ретінде Алатау ауданы Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Нұрбек Айза қатысты.

👮‍♂️ Жиналыс барысында полиция капитаны ата-аналарға келесі маңызды мәселелерді түсіндірді:

  • Құқықтық жауапкершілік: Көмескі уақытта балалардың көшеде заңды өкілсіз жүруінің салдары (ҚР ӘҚБтК 442-бабы);

  • Құқық бұзушылықтың алдын алу: Жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттер мен заңсыз әрекеттерді болдырмау;

  • Киберқауіпсіздік: Интернеттегі қауіпті топтар мен алаяқтардан сақтану жолдары.

Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, бала тәрбиесіндегі отбасы мен құқық қорғау органдарының тығыз байланысы талқыланды. 🤝

Балаларымыздың амандығы — біздің ортақ жауапкершілігіміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: