04
май
2026
🎶 «Ғасырлар пернесін сөйлеткен кемеңгер»

🎶 «Ғасырлар пернесін сөйлеткен кемеңгер»
Мектебімізде қазақ музыка өнерінің заңғар тұлғасы, композитор, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай және «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» айдарымен біріңғай сынып сағаттары өткізілді.
🔹 Сынып сағаттарының негізгі мазмұны:
Тұлғаға тағзым: Оқушылар Ахмет Жұбановтың өмір жолымен, оның қазақ оркестрін құрудағы ерен еңбегімен және «Құрманғазы», «Ғасырлар пернесі» еңбектерімен танысты. Оның музыкасы — ұлттық кодтың ажырамас бөлігі екені айтылды.
Құндылықтар сабақтастығы: «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбы аясында оқушылар арасында өзара сыйластық, инклюзия және теңдік принциптері талқыланды. Әр баланың ерекшелігі — оның байлығы, ал құқығы — бәріне ортақ екені баса айтылды.