11
май
2026
«MicroGreen STEM: Болашақ энергиясы — дұрыс тамақтанудан басталады:зертханадан күнделікті өмірге» атты жобаның таныстырылымы болып өтті
Мектебімізде 08.05.26 жылы «MicroGreen STEM: Болашақ энергиясы — дұрыс тамақтанудан басталады:зертханадан күнделікті өмірге» атты жобаның таныстырылымы болып өтті. Онда микрокөкөністерді (microgreens) өсірудің ғылыми және практикалық маңызы жайлы “Шығармашылық топ” мүшелері Исаева М.С, Зарлыкбаева Ф.А. және 8 “А” сынып оқушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. Жобаның мақсаты оқушыларға STEM тәсілі арқылы өсімдік биохимиясын түсіндіру және саналы тамақтану әдетін қалыптастыру.