Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық білім беру: тұлғалық даму. STEM & AI» халықаралық форумы аясындағы инклюзивті тәжірибе.
07
апрель
2026

«Цифрлық білім беру: тұлғалық даму. STEM & AI» халықаралық форумы аясындағы инклюзивті тәжірибе.

«Цифрлық білім беру: тұлғалық даму. STEM & AI» халықаралық форумы аясындағы инклюзивті тәжірибе.
        2026 жылғы 07–08 сәуір күндері «ӨРЛЕ-EDUCATION» халықаралық оқу-әдістемелік орталығы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Цифрлық білім беру: тұлғалық даму. STEM & AI» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.
        Форум Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформациялау арқылы шешу жолдары» атты Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
         Аталған форум шеңберінде Алматы қаласы Алатау ауданы №184 жалпы білім беретін мектеп базасында 5-секция — «Инклюзивті практика: білім берудегі тең мүмкіндіктер» бағыты бойынша тәжірибелік жұмыстар ұсынылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: