02
декабрь
2021
Aқпарат
Мектебімізде 02.12-15.12 желтоқсан аралығында "Ұлы дала елі: тәуелсіздік белестері" тақырыбында тарих апталығы жоспарланған. Апталық мақсаты: "Тәуелсіздік құндылықтарын жоғары бағалайтын, жан-жақты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру". Екінші желтоқсан күні барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, апталықтың ашылуы ұйымдастырылды. Гимн орындалып, оқушылар тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, париоттық әндер шырқады. Қоғамдық пәндер бірлестігі жетекшісі Танабаева Нұргүл Сламқызы оқушыларды тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтап, өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Мектебіміздің оқушылары өткізілетін іс-шараларға белсене атсалысады деп сенеміз.