04
декабрь
2018
"Ұстаз - ұлық емес , ұлы қызмет"
№184 жалпы білім беретін мектепте 1-11 сыныптарда "Ұстаз - ұлық емес , ұлы қызмет " атты тақырыпта Аягүл Төреқызы Миразованың 70 жылдық мерейтойына арналған сынып сағаттары өтті .Ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып , бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған Қазақстанның Еңбек Ері , "Алтын Жұлдыз " , медалі мен "Отан " орденінің иегері , "Ыбырай Алтынсарин " "Республикаға еңбегі сіңген қызметкер" медалдарының иегері , Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарған Аягүл Төреқызы Миразова апайымыздың бойынан осы қасиеттердің бәрі танылады .Ұстазға қандай мақтау мадақ айтсақ та артық етпейді .Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі .