Аудандық және қалалық 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жас биологтар» интеллектуалды конкурсы » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық және қалалық 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жас биологтар» интеллектуалды конкурсы
27
февраль
2019

Аудандық және қалалық 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жас биологтар» интеллектуалды конкурсы

Адамның рухани қалыптасуында ерте шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңызы зор екенін және тірі табиғатқа деген ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өміріне де игі әсерін тигізетін сүйіспеншілік қасиетін қалыптастырудан басталады.
Өз Отанының табиғатына, жан-жануарлары мен әсем жаратылған өсімдіктерді аялап баптауға баулу. Алматы қаласы білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының негізгі бағыттары болып табылады. Аудандық және қалалық 9-11 сынып оқушыларына арналған «Жас биологтар» интеллектуалды конкурсы ұйымдастырылған болатын . Конкурстың басты мақсаты : тірі табиғаттағы үдерістер мен құбылыстарды, өз ағзасының қызметін, ерекшеліктерін түсіндіру үшін биологиялық білімді қолдана алу қабілетін игеру, биология және экология саласындағы, денсаулық пен қауіп факторлары туралы заманауи жетістіктер жөніндегі ақпараттарды пайдалану.
23 ақпан күні аудан көлемінде өткен «Жас биологтар» интеллектуалды конкурсында біздің оқушыларымыз өз білімдері және алғырлықтарымен жеңіске жетіп жүлделі II орынға ие болды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: