Асық ату дәстүрінің жаңғыруы » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2019

Асық ату дәстүрінің жаңғыруы

Асық ату дәстүрінің жаңғыруы

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты жобасы аясында, №184 жалпы білім беретін мектепте қазақтың көнеден келе жатқан «Асық ату», « Асық қаршу» ( бес тас) және «Кубик-рубик» сынды ұлттық спорттық ойыны түрлерінен Алатау ауданы мектептерінің оқушылары арасында ХХІІ спартакиададан жарыс өтті. Аталмыш жарысқа ауданымыздан 18 мектептің оқушылары қатысты. Мұндағы басты мақсат-ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұмыт бола бастаған асық ату, бес тас сынды тағы басқа да көне спорт түрлерін жастар арасында насихаттау. Жарыстың ашылу салтанатында А латау ауданы білім бөлімінің бас маманы

А. Байтасов келген қатысушыларды құттықтап, «Асық ату - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты балаларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, ұлттық сана қалыптастыру болып табылады. Асықты әр қазақтың баласы ойнай білуі керек. Асық ату- бұл ойын ғана емес, мергендік пен көшбасшылық қасиетті дамытатын спорт түрі, логикалық ойлау қабілетіне жағымды әсер етеді. Негізгі мақсат, міне, осы»,-деп командаларға сәттілік тіледі. Ал, Теректі ықшам ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Шалабаев : « Асық ату-қазақтың ықылымнан келе жатқан , қазақ халқының төл дәстүрімен ұштасқан ,қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойыны. Сондықтан ғасырлар бойы халықтың зердесінде сақталып келген осы бір ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің құралы ретінде пайдалануымыз керек» - дей отырып, бүгінгі ойынға қатысушыларға сәт-сапар тіледі.

Осындай кең көлемде өткізіліп отырған қазақтың ұлттық спорттық жарысында жеңімпаз мектеп оқушылары анықталып, алғыс хатпен марапатқа ие болды. « Асық ату» ойыны бойынша І орынға № 169 мектеп командасы иеленсе , ІІ орынды № 178 мектеп-гимназиясының командласы , ІІІ орынға № 41 мектеп командасы ие болды.. «Бес тас»ойыны бойынша І орынға № 184 мектептен А. Сарсекова иеленсе, ІІ орынға №180 мектептен А.Нусупбекова, ІІІ орын ға № 196 мектептен А.Назарбек иеленді.

«Кубик-рубик» ойыны бойынша І орын мен ІІ орынды №196 мектебінің оқушылары Р.Ибрагимов пен Ғ.Ниязов иеленді, ал ІІІ орынға №169 мектептен А.Махмет иеленді.

Мектебіміздің өнерпаз оқушылары Н.Мейлибеков пен М.Жеңісхан әуезді әндерін тарту етіп, мектеп оқушылары келген қатысушы командаларға «Қара жорға » биінен флешмоб ұйымдастырды.

Кезінде қазақтың қаhарман батыры Бауыржан Момышұлы : «Асық –үлкен халықтық тәрбие.Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы »,-деп баға берген болатын.

Халқымыздың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мәдениетін, салт-дәстүрін жастарға жеткізу , ұлықтау, сақтау мақсатында, ұлттық ойындар жарысын аудан көлемінде ұйымдастырып, өткізген мектебіміздің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Б.Досболова, А.Мансуров, Т.Кубеев, А.Жалмырзаев, Д.Тобакабылов пен С.Бериков және Р.Сапаровқа мектеп директоры Р.Дайрбаева алғысын білдіріп, мектепте балалар мен жасөспірімдерді дені сау азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұратынын атап өтті.

Ұлт ойындары -ата-бабамыздан бізге жеткен , өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: