Миразова Аягүл Төреқызымен кездесу » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2019

Миразова Аягүл Төреқызымен кездесу

№184 жалпы білім беретін мектепте Қазақстанның Еңбек ері , «Алтын жұлдыз» медалі мен «Отан» орденінің иегері «Ыбырай Алтынсарин» , «Республикаға еңбегі сіңген қызметкер» медальдарының иегері , ҚР Білім және Ғылым министірлігінің құрмет грамотасының иегері , Алматы қаласының құрметті азаматы, білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаз Миразова Аягүл Төреқызымен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде 10 «А»сыныптың оқушылары Э. Оңалбек С.Байбақ Аягүл апайға арнап шығарған жыр шумақтарын жолдады. Аягүл Төреқызына мектеп оқушылары өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Аягул Төреқызы мектебіміздің оқушыларына тәлім- тәрбиелік маңызы бар, болашақ өмірлеріне дұрыс бағыт-бағдар берер керемет ақыл, кеңес берді.
Кездесу соңында технология пәнінің мұғалімі Қ.Карбузовтың шығармашылығынан туындаған Аягул Төреқызының портретін, мектеп директоры Р.Дайрбаева сыйлық ретінде табыс етіп, естелікке мектеп оқушыларымен бірге суретке түсті.
Аяулы ұстазымыз Аягул Төреқызымен кездесу кеші саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше , жас буынға үлгі - өнеге болар қызыққа толы өтті .



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: