Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2022

Ақпарат

Алматы қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 29 қаңтарында Педагогикалық Ғылымдар Академиясының "Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары" жобасы бойынша семинары өтті. 
Семинарға білім бөлімдер басшылары, әдіскерлер, қазақ мектептері мен аралас оқытатын мектептердің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында жоба тұжырымдамасы мен дайындалған әдістемелік нұсқаулықтардың мақсат-міндеттері таныстырылды.
Және мұғалімдерге, сынып жетекшілерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарда "Мектеп-ата-ана-оқушы триадасы", "Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар" сынды және басқа да барлық әдістемелік нұсқаулықтарда  тәрбие саласында өте қажет құнды дүниелер берілген, көптеген өзекті мәселелер талқыланды. 
Білім басқарма басшысы Ляззат Әуесханқызы Жылқыбаеваға және п.ғ.д., академик, Педагогикалық Ғылымдар Академиясы Басқарма төрағасы А.Қ.Құсайыновқа ерекше алғысымызды білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: