Ақпарат » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2022

Ақпарат

09.02.2022 ж. Алатау ауданы №184 жалпы білім беретін мектепте М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек" атты жыр мүшәйрасының мектепішілік кезеңі өтті. Сайыс үш айналымнан тұрады: 1. "Айтып өткен ақында арман бар ма?!"; 2. "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды.."; 3. "Жырлайды жүрек.."Мүшәйраға мектебіміздің талантты ұстаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мүшәйрада ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, әндерін  тамылжыта шырқаған ұстаздарымыз  ақын рухына арналған жүрек жарды жырларын да тарту етті. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" боп сайыстың барлық кезеңінен сүрінбей өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хумарбек Тілекберді сайыстың аудандық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: