Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты №184 жалпы
Данышпан ақын, ойшыл қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты №184 жалпы білім беретін мектепте Ұлы Абайға арналған бұрыш ашылды. Салтанатты бұрыштың ашылуына Абайтанушы ғалым, "Абайтану" ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы профессор, "Құрмет ордені" мен "Парасат" орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлы және М.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының "Абайтану" бөлімінің меңгерушісі, әдебиет