Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Фариза Оңғарсынованың туғанына 80жыл
19
декабрь
2019
Фариза Оңғарсынованың туғанына 80жыл
Поэзия патшайымы ,  Қазақстанның халық жазушысы ,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың туғанына 80жыл толуына орай , ақынның  өнегелі өмірін,  өнерін,  өр мінезін , асқақ рухын  насихаттау барысында , Алатау ауданындағы #184 ЖББ мектепте " Қазақтың аяулысы,  перизаты , Өшпейді ешқашанда Фариза аты ! " атты əдеби сазды кеш өтті. Кеште оқушылардың поэзия əлеміне,  сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктері артты. Аяулы ақын апамыздың ғажайып мол мұрасы естерінде қалды.
♦Коучинг-сессия♦
14
декабрь
2019
♦Коучинг-сессия♦
♦Коучинг-сессия♦ 14.12.2019ж. 184 ЖББ мектептің Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа форматтағы білім стандартына сай білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында коучинг-сессиясы өтті. Коучингке мектептің жас мамандары қатысып, өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісті. Коучингті бастауыш сынып мұғалімдері Байболаева А, Естемесова М, Сапаралиева А, Оразымбетова М.жүргізді. Тәжірибелі ұстаздар жас мамандармен өздерінің бай тәжірибесімен бөлісті.
ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!
13
декабрь
2019
ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!
♦ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!♦ #184ЖББМ 13 желтоқсан күні "Тәуелсіздікке 28 жыл толу" күніне орай, "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!" атты желтоқсан көтерілісіне қатысқан ардагерлер: Т.Жексенбаев, Қ.Нұрмұханбетов, Т.Шубекова, Г.Абдикаримова, Ж.Нұрмұханбетовамен кездесу өтті. Кездесу кешінде келген қонақтар Тәуелсіздік жолындағы желтоқсан тарихы мен бастан кешкендері туралы әңгімелеп берді. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткізгені баршамызға мәлім.
6"Б" сынып оқушылары "Мен -Тәуелсіз елдің ұланымын" атты ашық тәрбие сағаты
12
декабрь
2019
6"Б" сынып оқушылары "Мен -Тәуелсіз елдің ұланымын" атты ашық тәрбие
№184 ЖББМ 6"Б" сынып оқушылары "Мен -Тәуелсіз елдің ұланымын" атты ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында: 1. Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет деп жарияланғаны туралы айтылды. 2.Тәуелсіздік өлең жолдарын Бекжанқызы Жұлдыз және Сугиров Абылай окып шыкты. 3. "Жулдыз" би тобы "Қазақ қызы" биін биледі. 4. Сұрақ-жауап. Логикалық сұрақтар қойылды. 5. Көрініс. "Әже мен немересі". "Желтоқсан корінісі". 6. Хор. "Сарбаз" орындалды. Сынып жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Дүйенова Нұргүл.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында #184ЖББ мектебінде  жалпы жасөспірімдер арасында жиналыс өткізілді.
12
декабрь
2019
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында #184ЖББ мектебінде жалпы
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында #184ЖББ мектебінде мектеп инспекторы С.Байтұрсын, Ювиналды полиция бөлімінің бастығының орнын атқарушы полиция капитаны Т.Муқтаевтың қатысуымен жалпы жасөспірімдер арасында жиналыс өткізілді. Қарастырылған сұрақтар: Әлімжеттік зорлық-зомбылықтың алдын-алу және түнгі рейдтер ұйымдастыру.
№184ЖББМ де"Желтоқсанның 33 жылдығы", "Тәуелсіздікке 28жыл толу" күніне орай өткізілген "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты мерекелік кеш
09
декабрь
2019
№184ЖББМ де"Желтоқсанның 33 жылдығы", "Тәуелсіздікке 28жыл толу"
№184ЖББМ де"Желтоқсанның 33 жылдығы", "Тәуелсіздікке 28жыл толу" күніне орай өткізілген "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке желтоқсан көтерілісі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбдіқұлов Мырзағұл Тәжіғұлұлы қатысты оқушыларға өзінің желтоқсан оқиғасы кезінде бастан кешкен өмір жолы туралы агімелеп берді. Мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жауап алды. "Жас екпін" домбырашылар оркестрінің "Кеңес" күйі, мектептің жас өнерпаз оқушысы Нұрлан
Бердібек Соқпақбаевтың дүниеге келгеніне 95 жыл
09
декабрь
2019
Бердібек Соқпақбаевтың дүниеге келгеніне 95 жыл
Биыл, Балалар əдебиетіңнің классигіне айналған, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың дүниеге келгеніне 95 жыл толып отыр. Осыған орай "Бердібек Соқпақбаев- балалар əдебиетінің классигі" атты əдеби кеш өтті. Оқушылармен пікір алмасу арқылы жазушының шығармаларын талдадық. Мақсаты: Оқушыларды əдеби шығармаларды оқуға баулу жəне де шығарманың негізгі идеясын ашуға бағыттау болып табылады.
Алатау ауданының мектептері арасында Қазақ тілі пәнінен олимпиада
05
декабрь
2019
Алатау ауданының мектептері арасында Қазақ тілі пәнінен олимпиада
5.12.2019ж сағат 9:00де #184ЖББМ Алатау ауданының мектептері арасында Қазақ тілі пәнінен олимпиада өтті.Мектеп мәжіліс залында ашылу салтанаты болды. Қатысушыларға мектебіміздің әнші ұлдары әнмен шабыт сыйлады. Мектеп директоры Р.С.Дайрбаева сөз алып оқушыларға сәттілік тіледі. Қатысушы оқушылар олимпиада өтетін сыныптарға орналастырылды.
Алматы қаласы #184 жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектері 50-ге жуық адам ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты және оның мамандықтары туралы ақпараттар алу үшін АӘД сыныбында жиналды
05
декабрь
2019
Алматы қаласы #184 жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектері
5.12.2019 Алматы қаласы #184 жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектері 50-ге жуық адам ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты және оның мамандықтары туралы ақпараттар алу үшін АӘД сыныбында жиналды. Алматы қаласы ТЖД Алатау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, азаматтық қорғау майоры Берік Қожамбердиев, азаматтық қорғау капитаны Сандуғаш Баймұхамбетова және азаматтық қорғау лейтенанты Дастан Нургалиев жиналғандарға КТИ-ың төтенше ведомствоның кадрлық офицерлерін оқытып