«Мандық таңдай білесіз бе?» тақырыппен кездесу » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2020

«Мандық таңдай білесіз бе?» тақырыппен кездесу

Мамандық таңдау – бұл өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау, кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өзіннің бейімділігін мен қабілетіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Осыған орай
Алматы қаласындағы №184 ЖББМ мектептің 9,10,11, сынып оқушыларымен болашақ мамандық таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына көмектесу, өзін-өзі танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру мақсатында «Мандық таңдай білесіз бе?» тақырыппен кездесу өткізілді.
Кездесуге Алматы қаласыдағы көпсалалы колледжі, Алматы құрылыс техникалық колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Алматы флористикалық және технологиялық колледжінің оқытушылары келді. Кездесу барысында колледж оқытушылары мамандық таңдауға өте күрделі екенін , қандай мамандықтар бар екенін және ол мамандық үшін не керек екенін егжей-тегжейін түсіндірді. Мамандықты жақсы немесе жаман деп бөлуге болмайтынын, сұранысы төмен мамандықты оқып, жұмыс таба алмай отырғандарын, белгілі бір кәсіпті меңгеріп, өз ісінің шебері атанып, өмір жолын табуға болатынына , махаббатпен істелген жұмыста ғана нәтижелі болып, ерекше құлшыныспен істелетініне тоқталды. Сондай-ақ, әр оқу орынан келген оқытушылар өздері қызмет ететін колледждері туралы әңгімеледі, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында тақырыпқа сай видеолар көрсетіліп, жарнама ақпараттық парақтар таратылып, кәсіби бағдарлы ойындар өткізлді. Кездесу соңында шақырылған қонақтар оқушыларға мамандық таңдауда жаңылмай өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалауларына тілек білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: